Өңірлер

Көкшетауда жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

© Sputnik / Юрий Кавер / Медиабанкке өтуТоғай
Тоғай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарт адам қараша айының соңында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Көкшетауда жоғалып кеткен алпыс сегіз жастағы қарттың үсіп қалған денесі тоғай арасынан табылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жедел жәрдем, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде мектептен 10-сынып оқушысының денесі табылды

Ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар Көкшетау қаласы ішкі істер басқармасына 22 қарашада түскен. Жергілікті тұрғынның хабарлауынша, 1949 жылы туған әкесі үйден шығып кетіп, қайта оралмапты.

"Бірлік» шағын ауданына жақын маңдағы тоғай арасынан қарттың өлі денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.

Сот медициналық сараптама анықтағандай, зейнеткер үсіп қайтыс болған.


Жаңалықтар
0