Оқиға

Астанада патрулдік көлік бағанаға соғылып қалды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер көлік ұрлаушының соңынан қуамыз деп апатқа ұшыраған

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Volkswagen көлігін ұрлап әкеткен азаматтың соңынан қуған патрулдік полиция көлігі бағанаға соғылды, екі полицей зардап шекті, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жүргізуші ұйықтап кетіп, жол апатына ұшырады

Полиция мәліметінше, 2 желтоқсанда сағат үш кезінде Volkswagen көлігі қатты жылдамдықпен Абай көшесінде көлік қозғалысына қарсы бағытта кетіп бара жатып, полицияның тоқтатқан белгісін елемеген. Тәртіп бұзушының соңынан қуған полиция көлігі көше жарығының бағанасына соғылып қалады.

Құқықбұзушы тротуармен жүріп, көлікті тастап, қашып кеткен. Полицейлер оны оқиға орнында ұстай алмады.

Volkswagen иесі көлігінің ұрланғаны жайлы полицияға шағым түсірген. Қазір айдап әкеткен адам іздестірілуде.

Жол апаты салдарынан полицейлер әртүрлі жарақат алып, медициналық жәрдем алған соң үйлеріне қайтарылды.

Жаңалықтар
0