Қоғам

Астана әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Эйр Астананың A320NEO ұшағы
Эйр Астананың A320NEO ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше рейстің ұшып келу және ұшу уақыты өзгерген

АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында 15 әуе рейсі кешігіп жатыр, тағы төртеуі тоқтатылды.   

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада қарлы боран соғады деп болжануда
Астана уақытымен сағат 09.10-дағы елорда әуежайының онлайн-таблосына сәйкес, Qazaq Air және Air Astana-ның 15 әуе рейсі кешіккен. Олардың көбісі Алматы бағытына ұшуы тиіс болған, сондай-ақ кешіккен рейстердің арасында Шымкент, Жезқазған және Орал ішкі рейстері де бар.  

Air Astana әуе компаниясының Алматыдан KC 641 және KC 995, сондай-ақ  Астана — Алматы бағдарында  KC 632 және KC 996 рейстері тоқтатылды.    

"112" құтқару қызметі бірыңғай нөмірінің ақпараты бойынша,  Астанада 9-11 желтоқсанда көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.  


Жаңалықтар
0