Қоғам

Астанада қар тазалауға екі жарым мыңға жуық жұмысшы шықты

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы қарды тазалау
Астанадағы қарды тазалау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қар жауып, көктайғақ болуына орай қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласының көшелерін тазалауға 900 бірлік техника мен 2 500-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.  

Сарыарқа ауданы бойынша 576 жұмысшы мен 229 бірлік техника шығарылды. 

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада қарлы боран соғады деп болжануда
Есіл ауданында 229 арнайы техника мен 915 адам және 28 мердігер ұйым жұмыс істеуде.

Алматы ауданы бойынша 442 арнайы техника мен жол тазалауға 919 жұмысшы шықты.

Бүгін ауа райы болжамына сәйкес, Астана көшелерінде көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, қуаты секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Температура түнде және күндіз —3-5 градустан бастап әрі қарай төмендейді.

Ертең елордада күн  ала бұлтты, қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, түнде 15-20 м/с дейін ұйытқиды. Температура түнде —10-12, ал күндіз —8…-10 градус болады. 

12 желтоқсанда қалада қар жауады. Солтүстік- батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде —15…-17, күндіз —11…-13 градус аралығында болады. 

Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Көлік жүргізу кезінде тез қимыл-әрекет жасамауға және жылдамдық режимін асырмауға шақырады. 

Бұдан бөлек жаяу жүргіншілерге де жолда мұқият болу шарт.

Жолды тек жаяу жүргіншілерге рұқсат етілген жерден ғана өту керек. Қала көшелерінде жұмыс істеп жатқан арнайы техниканың салдарынан жолдағы өткізу қабілеті төмендеуі мүмкін. Осыған орай қала бойынша қатынау бағдары мен уақытын алдын ала ескеру қажет. 


Жаңалықтар
0