АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Алматылық 10 жасар Данэлия Төлешова "Голос. Дети. Украина" шоуының финалына шықты.
Әнші бүлдіршін америкалық Андра Дэйдің Rise up әнін тамылжыта орындап, әділқазыларды таңғалдырды. Данэлияның тәлімгері Дмитрий Монатиктің көңілі босап, көз жасына ерік берген.
"Сене алар емеспін!!!! Мен финалдамын!!! Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет, әсіресе тәлімгерім Дима Монатикке алғысым шексіз", — деп жазды Данэлия әлеуметтік желідегі парақшасында.