Өңірлер

Шымкентте 400 үйді газбен қамту жүйесі қалпына келтірілді

© Photo : АО "КазТрансГаз"Газ
Газ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүк көлігі 11 желтоқсанда газ құбырын қағып кетіп, тұрғындар газсыз қалған еді

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте жол апаты салдарынан бұзылған газбен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Газ құбыры - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте жол апаты салдарынан 400 үй газсыз қалды

"Шымкентте дүйсенбі күні кешке жүк көлігі газ құбырына соғылып, салдарынан газсыз қалған 400 үйдің газбен қамту жүйесі қалпына келтірілді", — делінген хабарламада.

11 желтоқсанда жүк көлігі Желтоқсан-Белинский көшелері ауданында газ құбырын қағып кетті. Газ қызметі мамандары мен Шымкент әкімдігі түні бойы апат салдарын жойып, газбен жабдықтауды қалпына келтірумен айналысқан.

Жаңалықтар
0