Өңірлер

Талдықорғанда шолақ мылтықпен қаруланған ер адам ұсталды

© Photo : ДВД Северо-Казахстанской областиҚару
Қару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Патурлдік полиция қос ауыз мылтықпен қаруланған күдікті ер адамды ұстады

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Талдықорғанда шолақ мылтықпен қаруланған ер адам ұсталды, деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы тұрғыны жалғыз басты ананы зорлап өлтірген

Ер адамды патрулдік полиция облыс орталығындағы саяжай массивтерінің бірінде тоқтатқан.

"Патрулдік полиция көлігін көрген кезде ер адамның өзін-өзі ұстауы полицейлердің күдігін туғызады. Тінту барысында ер адамнан тірке нөмірі өшірілген қос ауыз мылтық табылады. Отыздағы жігіт мылтықты кәдімгі целлофан пакетке салып алған", — деп хабарлайды полиция.

Ұсталған азамат жергілікті мал бағушы екен. Ол мылтықты өрісте тауып алып, полицияға әкеле жаттым деп ақталған. Бұл дерек бойынша қылмыстық тергеу жүргізілді. Бақташыға айыппұл салынуы, түзету жұмыстарына салынуы немесе бір жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0