Оқиға

Алматы орталығындағы пентхаустан өрт шықты

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуТүтін
Түтін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоғыз қабатты үйдің шатырынан өрт шығып, елу адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Алматыда тоғыз қабатты үйдегі пентхаустан өрт шықты, ақпаратты Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова растады.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада базардан өрт шықты

"Триумф" тұрғын үй кешенінің шатырынан өрт шыққаны туралы хабар 11:46 кезінде түскен.

"Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына жеті минутта барды. Өрт шыққан жерге келгенде, жағдай былай болған: тоғыз қабатты үйдің шатыры қалың түтіннен көрінбей кетіпті", — деп мәлімет берді ТЖД өкілі.

Өрт сөндіру барысында, елу адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың арасында үш бала бар. Кейінірек анықталғандай, пентхаустың шатыры өртеніпті. Өрт 12:21 кезінде ауыздықталып, 12:44 кезінде толығымен сөндірілді. Аумағы қырық шаршы метр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Жаңалықтар
0