Қоғам

Астана тұрғындарынан көбінесе қандай шағым түседі?

© SputnikҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"109" қалалық қызметіне тәулігіне 12 мыңға дейін хабарлама келеді

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Астана жағдаяттар орталығы "109" қалалық қызметіне көбінесе қандай шағымдар түсетінін айтып берді.

Кезекші қызметінің басшысы Мұрат Аманшиевтің сөзіне сүйенсек, 10 жыл бұрын қала тұрғындарын су қашан беріледі деген сұрақ қана мазаласа, қазір астаналықтар 300-дей әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша хабарласады.

Бір тәулік ішінде "109" нөміріне 800-ден 12 мыңға дейін хабарлама түседі екен.

"С 1 қаңтардан бастап тұрғындардан 440 мың қоңырау мен арыз-шағым қабылдадық. Астаналықтардың ең көп шағымданатын жайттары – судың немесе жарықтың жоқтығы, жеке мәселелер бойынша әкімге айтылатын арыз-шағымдар, қаладағы ашық люктер, әлеуметтік желідегі тәртіп бұзушылықтар. Қазір оқушыларға сабақ болмауы туралы сұрақ өзекті болып отыр", — деді Аманшиев тілшілерге.

Тәулік бойы 15 оператор үздіксіз қызмет етеді, орталықта жалпы 60 қызметкер бар. Бұдан бөлек, проблемалы үйлер орталықта сарапталып отырады.

Жаңалықтар
0