Қоғам

Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБұрқасын
Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады және жел күшейеді деп болжануда

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет".

Астана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Жаңа жылда ауа райы қандай болатынын айтты
29 желтоқсан күні Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады.  

 "29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с. Өскемен қаласында 29 желтоқсан күні қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады", — деп жазылған хабарламада.  

Сонымен қатар 29 желтоқсан күні Алматы облысының таулы аудандары мен Талас алатауы жоталарында (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары) жауын-шашын түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.  


Жаңалықтар
0