Қоғам

Биылдан бастап көпқабатты үйлер тұрғындардың жинағы есебінен жөнделеді

Жазылу
Осылайша көпқабатты ескі үйлерді қалпына келтіру қолға алынбақ

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Биылдан бастап еліміздегі көпқабатты үйлер тұрғындардың өз жинақ есебінен жөнделеді, деп хабарлайды 24 хабар. 

Бұл  бастама  "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы бойынша іске аспақ. Қанатқақты жоба аясында тозығы жеткен үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тұрғын үй кезегінен кімдер шығарылатыны белгілі болды

Жертөлесі қалдық судан арылмағандықтан жұрт "Титаник" деп атап кеткен үйдің қазіргі көрінісі мүлде өзгеше. 5 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында үйді қайта жаңғыртуға 73 миллион теңге несие бөлінген. Бұл шығынды тұрғындар 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Төлем жағынан көпбалалы отбасыларға жеңілдік  қарастырылған.  

"Үйіміз күрделі жөндеуден соң айтарлықтай  өзгерді. Мәселен,  жөндеу кезінде қымбат роботтандырылған жылу торабы орнатылды. Содан кейінгі жылуға да басқа тұрғын үйлерге қарағанда айтарлықтай аз төлейтін болдық. Дәлізден бастап түгелі түбегейлі жаңартылды"  — дейді қала тұрғыны Ольга Кек.

Қысқа уақыт ішінде ғимараттың қасбеті мен келбеті, шатыры мен  жертөлесіне дейін жаңартылды. Үйдің жылу жүйесі де толықтай  ауыстырылған 

"Мына жөндеу жұмыстарының төлемақысын уақытылы төлеу үшін жағдайы төмен отбасылар ТКШ қазорталығы есебінен 23 млн-ға мемлекеттік жәрдемақы төленген болатын. Сондықтан төленетін құны айына 800-1000 теңгеден аспайды", — дейді басқарушы компанияның бас директоры Азамат Қалдарбеков. 

Осылайша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы көпқабатты ескі үйлерді қалпына келтіруді қолға алмақ. Олар тек ипотекалық компаниялар қарауындағы үйлерге жөндеу жүргізеді. "Себебі қаржы тұрғындардың жинақтау есебінен ұсталады", – дейді мамандар. 


Жаңалықтар
0