Әлем

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирандағы ахуалды талқылайды

© AFP 2024 / Jewel Samad БҰҰ
БҰҰ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы АҚШ-тың сұрауымен өткізілмек

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұма күні отырыста Ирандағы ахуалды талқылайды, деп хабарлады РИА Новости ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлейді

Ресми бағдарламаға сәйкес, БҰҰ ҚК Таяу Шығыстағы ахуалды талқылау үшін жиналмақ. Кездесу АҚШ-тың сұрауымен өткелі отыр.

28 желтоқсаннан бері Иранның ірі қалаларында жаппай наразылық акциясы өтіп жатыр. Иран президенті Хасан Роухани мәлімдегендей, халықтың наразылығына елдегі ішкі проблемалар мен өзге елдердің іріткі салуы себеп болған.

БАҚ мәліметінше, кем дегенде 20 адам осы келеңсіздіктердің құрбаны болды. Тегеранда соңғы үш күнде 450 адам ұсталыпты. 


Жаңалықтар
0