Оқиға

Алматыда өндірістік цех өртенді

© Photo : ДЧС СКОӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тілсіз жаудың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Алматыда металл бұйымдар мен төбе жабындысын өндіретін цех өртенді, деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.   

ТЖД мәліметінше, өрт сенбіден жексенбіге қараған түні шыққан. 

"Сағат 02:03-те Алматы ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы,  Бродский көшесі, 37 мекенжайындағы ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру көлігі оқиға орнына 7 минуттан кейін, сағат 02:10-да жетті", — деп жазылған хабарламада. 

© Photo : Куәгерлердің фотосыАлматыда металл бұйымдар мен төбе жабындысын өндіретін цех өртенді
Алматыда металл бұйымдар мен төбе жабындысын өндіретін цех өртенді - Sputnik Қазақстан
Алматыда металл бұйымдар мен төбе жабындысын өндіретін цех өртенді

Белгілі болғандай, металл бұйымдар мен төбе жабындысын шығаратын цех өртенген. 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір сағат ішінде, сағат 03:10-да сөндірді.  

Жалын 750 шаршы метр ғимараттың 290 шаршы метріне шарпыған.  

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

 

Жаңалықтар
0