Өңірлер

СҚО-да автобуспен соқтығысқан жеңіл көлік өртеніп кетті – видео

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда полиция жол-көлік оқиғасын сотқа дейінгі тергеуді бастады

АСТАНА, 7 қаңтар— Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік жолаушылар автобусымен соқтығысты, жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

Жол апаты болған жерде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеода автобус жол шетіне шығып кеткені, жолда жеңіл көлік жанып жатқаны көрінеді. Пікір жазған адамдар жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмғанын айтқан. 

 

ІІД баспасөз қызметі жол апаты болғанын растады.  

"Апат таңертең Жезқазған-Петропавл автожолында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Неженка ауылының маңында болған. ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі рөлді иегере алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан", — деп хабарлады ІІД.

Ведомствоның баспасөз қызметі жүргізуші сол жерде көз жұмғанын айтты.  

"Соқтығысу салдарынан өрт шығып, автокөлік жанып кетті. Автобустың жүргізушісі мен жолаушылары зардап шеккен жоқ. Жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", — деп түйіндеді полициядағылар.


Жаңалықтар
0