Қоғам

Аязға байланысты сабақтың болмауы оқушылардың каникулына әсер етпейді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл басынан бері елордалық оқушыларға сабақтың болмайтыны бірнеше мәрте хабарланған

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Ауа райы қолайсыздығына байланысты сабақтың болмауы каникул күндеріне әсер етпейді – каникул бекітілген мерзімде болады, деп хабарлайды Астананың білім беру басқармасы.

қатты аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнде елімізде қатты аяздың беті қайтпайды

Бағдарламадан қалмас үшін мектептерде арнайы шара ұйымдастырылған.

"Оқу бағдарламасын толығымен орындау мәселесі білім беру басқармасының бақылауында. Қаланың ауа райын ескерсек, мұндай жағдай жыл сайын қайталанып тұрады, біз оған дайынбыз", — дейді елордалық басқарма.

Айта кетейік, биыл ауа райы қолайсыздығына байланысты сабақтың болмайтыны 11, 15 қаңтарда, сосын 22  қаңтардан бері күн сайын хабарлануда.

Жаңалықтар
0