Өңірлер

Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде қар жауады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның кей өңірлерінде синоптиктер бұрқасын, боран, көктайғақ болады деп болжайды

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, төменнен соққан боран болады, солтүстік пен шығыста, оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 24-29 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облысында кей жерлерде тұман және көктайғақ, Маңғыстау облысында түнде бұрқасын 15-20 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде төменнен соққан боран, тұман. 

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, Қарағанды облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстанда бұрқасын 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0