Әлем

Мексикада көлік ішінен сегіз адамның мәйіті табылды

© AP Photo/ Gustavo AguadoМексика полициясы, архив суреті
Мексика полициясы, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сегіз адамды қаскөйлер азаптаған

АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мексикадағы Мичоакан штатында полиция көлік ішінен сегіз адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды РИА Новости. 

Excelsior порталының хабарлауынша, мәйіттер Эль-Мансанильяль елді мекенінде табылды. Оларды біреулер азаптаған және оқ атқан. 

Қаскөйлер көліктің сыртына түрлі жазулар қалдырған. Әдетте өзара бәсекелес есірткі сатушылар осылай бір-бірін қорқытып, қоқан-лоқы көрсетеді. 

Мичоакан – Оңтүстік Америкадан АҚШ-қа есірткі таситын басты штаттардың бірі. Бұл аймақ екі қылмыстық топтың бақылауында. Олардың арасында қиян-кескі қырқыс жүріп жатыр. 


Жаңалықтар
0