Өңірлер

Рудныйда әр жұма және демалыс күндері арнайы жасақ күзетте жүреді

© AP Photo / Sergei GritsПолиция, қоршау
Полиция, қоршау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұма күні қалада Қостанай облысы ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (СОБР) көлікпен күзетте жүрді

АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Рудный көшелерін әр жұма және демалыс күндері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ күзетіп жүреді.

Полиция көлігінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сарыағашта 7 жасар баланың ісіне қатысты полицейлер жұмыстан қуылды

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл Рудный ішкі істер басқармасының жаңа басшысы Әлім Бажықбаевтың бастамасы.  

"Соңғы жұмыс күні мен демалыс күндері Рудный полицейлеріне қоғамдық тәртіпті қадағалауға облыстық ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері көмектеседі. Рейдтік шаралар көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықты болдырмауға және ескертуге бағытталған", — деп аталып өткен хабарламада.  

Арнайы жасақ қызметкерлері қала орталығында, тыныш аудандар мен қала шетінде рейдтер жүргізеді.    


Жаңалықтар
0