Қоғам

Назарбаев қазақстандықтарды пасха мерекесімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің айтуынша, пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік – еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Алматыдағы Наурыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

"Баршаңызды жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің осы күні әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегі ерекше жылылыққа, қуаныш пен үміт сезіміне бөленеді. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік – еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі", — дейді Назарбаев. 

Оның айтуынша, барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі – Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек.  

"Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары адамгершілікті дәріптейтін Пасха мейрамының мән-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің гуманистік негіздерін нығайта түседі. Баршаңыздың шаңырақтарыңызда татулық пен тыныштық болсын", — деген Елбасы бақ-береке тіледі. 

Жаңалықтар
0