Спорт

Абсолютті әлем чемпионы Головкин қай боксшыдан қорқатынын айтты

© AP Photo / Rich SchultzГеннадий Головкиннің архивтегі фотосы
Геннадий Головкиннің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің командасы 5 мамырдағы жекпе-жекке Андраденің кандидатурасын қарастырмауға шешім қабылдаған

АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Бірінші орта салмақтағы WBA Super, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) Деметриус Андрадемен (25-0, 16 КО) жұдырықтасудан бас тартуына қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Sports.kz. 

Билли Джо Сондерс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен Сондерс жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкиннің командасы 5 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке Андраденің кандидатурасын қарастырмауға шешім қабылдаған екен. Деметриус твиттердегі парақшасында бұған өкініш білдіріпті. Отандасына Кроуфорд жауап қатты.  

"Олар сенен қашып жүр, сен оны білесің", — деп жазды Кроуфорд. 

Головкиннің промоутері таяуда берген сұхбатында бес үміткерді қарастырып жатқанын мәлімдеді, алайда олардың арасында Андраде жоқ. 

Бұған дейін GGG-дің командасы бұл жекпе-жекте Андрадеге мүдделі емес екенін боксшының өзіне де хабарласып, ескерткен көрінеді.    


Жаңалықтар
0