Әлем

Канадада жүргізуші он адамды қасақана басып өлтірді

© AFP 2024 / LARS HAGBERG / AFPТоронтода жүргізуші бір топ адамды басып кетті
Торонтода жүргізуші бір топ адамды басып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушінің кім екені анықталды – ол 25 жастағы жігіт болып шықты, мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Канаданың Торонто қаласында жүргізуші бір топ адамды қасақана басып кетті, деп мәлімдеді жергілікті полицияның басшысы Марк Саундерс. Бұл туралы РИА Новости CTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.  

Көлік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында әйелді сәбиімен бірге көлік басып кетті

"Куәгерлердің сөзіне сүйенетін болсақ, бұл қасақана жасалған әрекет екені түсінікті, тіпті солай деп мәлімдеуге де болады", — деді Саундерс.

Полиция басшысы журналистердің "оқиға теракт емес пе?" деген сұрағына жауап бере келе, Канада қоғамдық қауіпсіздік министрі Ралф Гудэйлдің "оқиғаның ұлттық қауіпсіздікке қатысы жоқ" деген сөзін алға тартты.  

Торонтода шағын автобус жаяу жүргіншілерді басып кетті – он адам қаза болды, тағы 15-сі зардап шекті.  25 жастағы жүргізуші Алекс Минассян неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. 


Жаңалықтар
0