Спорт

Головкин нашар қарсылас таңдадың деп сынағандарға жауап берді

© AFP 2024 / MARK RALSTON /Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлем чемпионы "О, бұл әлсіз жігіт, нашар қарсылас" дейтіндерді түсінбейтінін айтты

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин өзі үшін жеңіл жекпе-жектер болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Әлем чемпионы Головкин – Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасады

5 мамырда Геннадий америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте титулдарын қорғайды.  

— Жекпе-жекті екі апта қалғанда қабылдау қаншалықты қауіпті?

— Білесіз бе, бұл өмір. Әр күн қауіпті (күледі). Бокс бұл ойын емес. Бір соққы өмірді өзгертуі мүмкін, қалжыңсыз.

Әр жекпе-жек қауіпке толы. Өз басым "О, бұл әлсіз жігіт, нашар қарсылас" дейтіндерді және осы сарында әңгіме айтатындарды түсінбеймін. Олар рингке шықпайды ғой. Рингте чемпионмен бір-екі раунд тұрып көріңізші, көп нәрсені түсінесіз", — деді GGG ашық жаттығу кезінде.    


Жаңалықтар
0