Өңірлер

Павлодарда 2 минутта құймақ пісіріп беретін робот құрастырылды

© SputnikҚұймақ
Құймақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушылар құрастырған робот екі минуттың ішінде құймақтың екі жағын аударып, қуырып береді

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik.  Павлодарда № 11 жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушылары Артем Малых және Айпара Сыздықова таңғы асқа екі минутта құймақ пісіріп беретін робот құрастырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Олар өздерінің бұл жобасын бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінде робот техникасы бойынша халықаралық байқауға іріктеу барысында таныстырды.

Робот - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жалқауларға арналған робот жасалды

"Мектепте сауалнама жүргізудің нәтижесінде оқушылардың 90 пайызы таңғы ас ішіп үлгермейтіні анықталды, – дейді Айпара Сыздықова. – Кейбіреуі суық бутерброд жей салады. Сондықтан жуынып, жаттығу жасағанға дейін бұл робот құймақ жасап қояды. Екі минуттың ішінде екі жағын аударып, қуырып береді. Адам қамырды ыдысқа құйып қойса болғаны, қалғанын машина өзі атқарады. Роботтарды жинастыруға үш апта уақыт кетті".

Назарбаев зияткерлік мектебі информатика және робот техникасы пәнінің ұстазы Қуаныш Мағауинның айтуынша, байқаудың тақырыптары жыл сайын ауысып отырады. Мысалы, былтыр "Жасыл энергия" аясында табиғатты қорғауға көмектесу мақсатында қалдықтарды сұрыптап, контейнерге жеткізетін роботтар жасалған. Биыл "Азық-түлік" тақырыбы таңдалып отыр. Себебі, халықаралық кезең өтетін Тайландта тамақтану өзекті мәселеге айналған. 

қызыл ет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар қызыл еттің неге қауіпті екенін айтты

Төменгі сатыда жемістер мен көкөністерді үш минутта сұрыптайтын, орташа санатта екі минуттың ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын роботтар әзірленсе, жоғары санатта теңізге шыққан корабльдер контейнерлерде тағамдарды үш минутта жеткізуі тиіс. 

"Бүгінгі жарысқа 8-18 жас аралығындағы 200-ден астам оқушы келді, – дейді Қуаныш Мағауин. – Әсіресе, құймақ жасайтын робот пен топырақтың құнарлығын зерттейтін, көшеттерді отырғызып, суаратын роботтар ерекше көзге түсті".


Жаңалықтар
0