Спорт

Головкин чемпиондық титулдарына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
IBF Головкинді осы ұйымның белбеуіне міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге міндеттеген болатын

АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Орта салмақтағы бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің карьерасында қалыптасқан жағдай мен IBF титулынан айырылу мүмкіндігі жайлы әңгімеледі, деп жазды  Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
IBF ультиматум қойды: Головкиннің промоутері не дейді?

— Сіз үшін белбеу өте маңызды екенін білемін. Егер IBF талап еткен Деревянченкоға қарсы жекпе-жекті өткізбесеңіз, олар белбеуіңізді тартып алады деп қорықпайсыз ба?

— Барлық белбеуді біріктіру негізгі мақсаттарымның бірі екенін білесіздер, алайда дәл қазіргі сәтте, өздеріңіз көріп отырғандай, қиындықтар туындап жатыр. Әрине бұл мүмкін емес деп айтуға келмес, алайда менің жағдайымда оны жасау өте қиын. Сондықтан белбеуді тартып алатын болса немесе бақылаушы ұйымдар тарапынан қысым көретін болсақ, онда біз өзімізге ыңғайлы нұсқаны таңдаймыз. 

Айта кетейік, бұған дейін Головкин орта салмақтағы әлем чемпионының барлық негізгі титулын иелену өз карьерасындағы негізгі мақсаттардың бірі саналатынын бірнеше рет атап өткен болатын. Қазір боксшыға британиялық Билли Джо Сондерстегі WBO белбеуі ғана жетпей тұр.  

 

Жаңалықтар
0