Әлем

Далай-лама полицейлерді неге қытықтайтынын айтып берді

© Associated PressДалай лама
Далай лама - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Буддистердің рухани көшбасшысы полицейлермен әзілдесуден де тартынбайды екен

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Далай-лама XIV  жоғары қызметтегі шенеунік немесе кедей-жарлы деп бөлмейді және егер оның қалжыңына күлмесе, полицейлерді қытықтайды екен. Бұл туралы буддистердің рухани көшбасшысы Дхарамсала қаласында өзінің резиденциясында ресейлік ғалымдармен өткен басқосуда айтты, деп жазады РИА Новости.

"Мен үшін патшалар, Рим папалары, ламалар, кедейлер мен полицейлер – бәрі бірдей", — деді Далай-лама. 

Айтуынша, ол бәрінің жүзіне күлкі үйіруге тырысады, тіпті полицейлермен әзілдесуден де тартынбайды.

"Ал егер олар күлмесе, мен оларды қытықтай бастаймын", — дейді буддистердің рухани көшбасшысы. 

Конференцияда эмоцияның қоғам мен адамның денсаулығына ықпалы талқыланған. 


Жаңалықтар
0