Қоғам

Қазақстанда күн қайта суытады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚолшатыр ұстаған әйел
Қолшатыр ұстаған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 7-9 маусым аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында ауа температурасы қайта төмендейді. Ал елдің батысында дабылды ескерту  жарияланған, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан. 

ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

Алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысында кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде де өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Аптап ыстықтың беті қайтып, күндіз температура +30+39 градустан +25+30 градусқа дейін төмендейді.  

Қазгидромет  қатты желге байланысты Батыс Қазақстан облысында дабылды ескерту жариялады. Бүгін елдің батысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады. 

Орал қаласында бүгін күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді деп болжануда.   

Ал ертең БҚО-ның кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, Оралда екпіні 18 м/с дейін күшеймек.

Жаңалықтар
0