НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы басшысы Элла Памфиловаға шабуыл жасады деген Бақыт Қарабалаев Қазақстан тумасы екенін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
Жұма, 6 қыркүйекке қараған түні Элла Памфилованың Мәскеу түбіндегі үйіне тонаушы басып кірген. Ер адам әйелді бірнеше рет электрошокермен соғады. Жәбірленуші қарақшыға қарсылық көрсете алмаса керек.
Тағы оқыңыз: "Қызым жазықсыз": Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады
"Соттан кейін Қарабалаевпен Қазақстан консулы кездесті. Ол ешқандай шағымы жоқ және аудармашының керек емес екенін жеткізді. Адвокаттың қызметімен қамтамасыз етілген", -деп атап өтті Смадияров.
Шабуыл жасады деген қазақстандық туралы не белгілі?
Бақыт Әжіғұлұлы Қарабалаев 1983 жылы туған. Ресейлік БАҚ анықтағандай, Қарабалаев Қазақстаннан Ресейге 5 жыл бұрын қоныс аударыпты. Ер адам "Лес и Река" коттедж ауылына жақын маңдағы орман ішіндегі үйде тұрады екен.
Тағы оқыңыз: Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды
Тоғызыншы қыркүйекте Басман сотында отырыс өтіп, Қарабалаевты 6 қарашаға дейін қамауға алу шешімі қабылданды. Оған қарсы РФ Қылмыстық кодексінің 162-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қарабалаев 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.