НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Иранда украиналық ұшақ құлады, борттағы барлық адам көз жұмған, деп хабарлайды Рейтер агенттігі Иранның телеарнасына сілтеме жасап.
Boeing 737 лайнері бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.
Иранның минавиация өкілі Джаафар Заде ұшақ бортында 167 жолаушы болғанын мәлімдеді. Бұған дейін лайнерге 180 жолаушы мінгені хабарланған еді.
رئیس سازمان امداد و نجات جمعیت هلال احمر درباره #سقوط_هواپیمای_اوکراینی: بعید میدانم کسی در این حادثه زنده مانده باشد. خوشبختانه به منازل مسکونی خسارتی وارد نشده است. pic.twitter.com/FSdTXNsfZB
— هلال احمر ایران (@Iranian_RCS) 8 января 2020 г.
Әлеуметтік желілерде ұшақтың құлаған сәті түсірілген видео мен оқиға орнынан суреттер жарияланды.
تصاویر دیگری از محل سقوط #هواپیمای_اکراینی و عملیات جستوجو و نجات امدادگران هلالاحمر pic.twitter.com/hFBx501cVf
— هلال احمر ایران (@Iranian_RCS) 8 января 2020 г.