Қоғам

Елімізде індетке шалдыққандар саны 13 мыңнан асты

© REUTERS / BENOIT TESSIERСотрудник лаборатории ставит пробирки с пробами для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории ставит пробирки с пробами для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша өткен тәулік ішінде 215 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда 13 074 адам коронавирус індетіне шалдығып, 7 737 науқас аурудан айығып шықты.

"Өткен тәулікте 215 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,7 процентті құрады", - делінген COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең көп жағдайы Нұр-Сұлтан қаласы - 42 (1.7%), Қарағанды ​​облысы - 41 (3.6%), Батыс Қазақстан облысы - 27 (3.3%), Шымкент қаласы - 22 (2.3%) және Алматы қаласында - 22 (0.8%) тіркелген.
Өзге өңірлерде:

  • Павлодар облысы - 16 (6,0%);
  • Жамбыл облысы - 11 (2.6%);
  • Шығыс Қазақстан облысы - 9 (4.7%);
  • Атырау облысы - 9 (0.7%);
  • Алматы облысы - 5 (1,1%);
  • Қостанай облысы - 3 (1,5%);
  • Маңғыстау облысы - 3 (0.9%);
  • Түркістан облысы - 3 (0.8%);
  • Ақмола облысы - 1 (0,6%);
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 1 (1.6%).

Айта кетейік, аталған індет салдарынан елімізде 58 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0