НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 245 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,9% құрады, деп хабарлайды жедел штаб.
"Коронавирус індетін жұқтырудың ең көп жағдайы Қарағанды облысында – 50 (4,2%), Алматы қаласында – 35 (1,2%) және Ақтөбе облысында 26 (6,5%) адамнан анықталды", – делінген хабарламада.
Ал республикалық маңызы бар екі қала Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында 23 (0,9%) және 14 (1,4%) адамның індет жұқтырғаны расталды.
Аймақтар бойынша:
- Батыс Қазақстан облысы - 18 (2,1%)
- Жамбыл облысы - 16 (3,6%)
- Маңғыстау облысы - 12 (3,6%)
- Алматы облысы - 11 (2,5%)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 7 (10,8%)
- Ақмола облысы - 5 (2,8%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 5 (2,5%)
- Қызылорда облысы - 5 (1,1%)
- Атырау облысы - 5 (0,4%)
- Қостанай облысы - 3 (1,5%)
- Павлодар облысы - 2 (0,7%)
Аталған індет салдарынан көз жұмғандардың саны – 61.