Қоғам

"Үкіметке тапсырма берілді": Тоқаев індетпен күрестегі мәселелерді шешуге уәде берді

© AFP 2024 / JAVIER TORRESМедик в защитном костюме изучает документы в ожидании пациентов с коронавирусом
Медик в защитном костюме изучает документы в ожидании пациентов с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент қорғаныс костюмдері, қажетті препараттар мен аурухана орындарының тапшылығы мәселесі жуық арада шешілетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларына атсалысып жатқан мамандарға алғыс айтты. Осы орайда президент барлық проблеманың шешілетінін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз Біргеміз" жалпыұлттық онлайн-форумда мемлекет басшысы медицина мамандарына, полицейлерге, қарулы күштердің қызметкерлеріне, еріктілерге және меценаттарға алғыс айтты.

"Бүгін мен ең алдымен сіздерге алғыс айтамын. Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жедел жәрдемнің мамандары, эпидемиямен күресте ең үлкен салмақ сіздерге түсіп отыр. Сіздер күн сайын қайтпас рух, қажымас қайрат пен ерлікті көрсетіп келесіздер. Міне, нағыз патриотизмнің көрінісі осы", - деді Тоқаев.

Осы орайда президент пандемияның екінші толқыны аясында бірқатар қиындықтың бар екенін де жеткізді.

"Сіздерге қорғаныс костюмдері, қажетті препараттар мен аурухана орындарының тапшылығы сияқты қиындықтарға тап болуға тура келіп отыр. Бұл проблемаларды біз жақын арада шешеміз. Үкіметке нақты тапсырма берілді. Осы жағдайды түзеп шығуы тиіс. Қазір сіздерге зор алғысымызды айтқым келеді", - деп атап көрсетті Тоқаев.

"Біз Біргеміз" жалпыұлттық форумында бір топ азаматқа "Халық алғысы" медалі тапсырылды. 

"Халық алғысы" атты арнайы медальді тапсыруды ұйғардым. Бұл - осындай қиын-қыстау уақытта аянбай еткен азаматтарға арналған жаңа мемлекеттік марапат. Осы медаль нағыз отаншыл азаматтарға тапсырылады деп сенемін", - деді президент.

Жаңалықтар
0