Эпидемиямен күрес халықаралық жарысқа айналды ма?

© REUTERS / Bing GuanСотрудник лаборатории проводит исследования в рамках создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования в рамках создания вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус пандемиясы әлем экономикасын тізе бүктіргеннен кейін шамамен бір айдан соң саяси және медиа әлемінде вакцина-жарыс деп атауға сұранып тұрған халықаралық бәсекелестің жаңа "жанры" пайда болды

Коронавирустың ұжымдық Батысқа жасаған екі дүркін психологиялық жарақаты есебінен бұл жарыста жеңіске жету батыс қоғамы үшін тек саяси ғана емес, өзіне деген құрметті сақтап қалуға ықпал ететін бірбеткейлікке негізделді.

Шприц с вакциной против коронавируса - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Гуманизмді жоғары қоятын кез келген адам үшін батыстың "вакцина-жарысына" деген қуатты құлшынысын түсіну қиын. Алайда, мұны АҚШ пен Ұлыбританияның басты индустриясы, яғни, саяси және коммерциялық пиар көзқарасымен түсіндіруге тырысып көруге болады.

Пиар-кеңістікте ұжымдық Батыс, соның ішінде, АҚШ пен Ұлыбритания бірнеше ауыр "коронавирустық соққы" алды. Біріншіден, анықталғандай, алыстағы Қытай эпидемияға тойтарыс беру ісінде сәтті шаралар қабылдап, тап болған проблеманы ертерек түйсінді және экономикалық шығынды тиімді шектей алды. Олардың жанында АҚШ пен Ұлыбритания да, сондай-ақ, Еуроодақтың кейбір елдері америкалық патриоттар үшін үлгі бола алмайды.

Келесі соққы Ресейде коронавирус салдарынан қайтыс болғандар санының аздығы және жаппай тестілеу шараларын жолға қоя білген шақта болды. Мұның барлығы батыстық БАҚ-тың "Ресей статистиканы бұрмалауда" деген секілді айыптауларды қарша боратуына алып келді. Міне, осы жағдайдың салдарынан, қажетті шығындар мен кез-келген қауіп-қатерге қарамастан, ұжымдық Батыс және батыстық бірқатар өр саясаткерлер үшін вакцинаны ойлап табуда алғашқы болу ел имиджі үшін аса маңызды болып отыр. Себебі, олар кезекті рет "АҚШ – әлемдегі нөмірі бірінші" екенін дәлелдеу керек.

Бірақ, америкалық БАҚ-тағы мақалаларға көз жүгіртсек, екіұдай сезім қалыптасады. Себебі, партиялық ұстанымына және Дональд Трампты жақтауы немесе даттауына қарай, кейбір редакциялар вакцинаны әзірлеумен айналысып жатқан америкалық компанияларға қолдау көрсетсе, кейбірі британдық, неміс, тіпті үндістандық компаниялар мен университеттерге қолдау көрсетуге дайын. Олардың пайымдауынша, "вакцина-жарыстағы" барлық сый-марапат "жөні түзу" кез келген мемлекетке бұйырса болғаны. Бастысы, "қарғыс атқыр Дональд Трамп режимі" саяси бонуссыз болуын қалайды.

Зертхана қызметкері вакцина жасау үшін зерттеу жүргізіп жатыр  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Макродеңгейде де осы тектес дау бар. Кейбір неміс БАҚ-тарының бағалауы бойынша, НАТО немесе G7 бойынша өз серіктестерімен күш-қуатты үйлестірудің орнына, ресми Вашингтон антикоронавирустық маңызды әзірлемелері бар биотехнологиялық компанияны Германиядан АҚШ-қа "жер аударғысы" келген.

Сол себепті, Ресей немесе Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны ойлап табуға және оны жаппай қолдануға жақын қалды деген сыңайлы ақпараттар батыстық ақпарат көздерін есеңгіреткен үстіне есеңгіретіп жатқаны анық.

Осы жылдың күз мезгілінде медиктерді жаппай вакцинациялау жөніндегі ресейлік жоспар мен қытайлардың вакцинаны сәтті сынақтан өткізгені туралы ақпаратқа The Wall Street Journal басылымында шыққан америкалық бас инфекционистің ұстанымын мысал ретінде келтіруге болады:

"АҚШ-тың инфекциялық аурулар жөніндегі бас сарапшысы дәрігер Энтони Фаучи конгрестің COVID-19 жөніндегі шағын комитеттің тыңдауында АҚШ Қытай немесе Ресейде әзірленген вакциналарды қолданбауы ықтимал екенін мәлімдеді. "Орыстар немесе қытайлар вакцинаны біреуге егуден бұрын оны тестілеуден өткізеді деп үміттенемін", - деді ол. – Тестілеу жүргізгенге дейін аталған вакцинаны ел арасында таратуға дайын екендігін мәлімдеу проблемаға алып келері анық". Фаучи АҚШ вакцинаны осы жылдың соңына қарай алатынын мәлімдеді.

Bloomberg ақпарат агенттігі келтірген түрлі елдерден жеткізілетін ықтимал вакциналардың салыстырмалы талдауы бойынша Фаучидің америкалық Moderna компаниясының өніміне иек артып отырғаны байқалады. Алайда, мақала жазылған сәтте Bloomberg трекерінде ресейлік әзірлемелер болған жоқ. Бұл батыстық оқырманның түйсігінде ресейлік вакцина ауадан пайда болғандай сипат қалдыруы мүмкін.

Медики готовятся принять пациентов для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда коронавирус эпидемиясына қатысты жағдай тұрақталып келеді - Цой
"Вакцина-жарыстың" одан әрі қалай өрбитінін қазірден болжауға болады: ресейлік немесе қытайлық вакциналарды адам өміріне қауіпті деп танып, мұны фейк ақпараттармен негіздеуге тырысады. Ал, мұндай жалған жаңалыққа ә дегеннен сене қоймайтын аудитория үшін вакцина жарамды болғанымен, орыстар оны қытайлық, ирандық, ресейлік хакерлердің көмегімен ұрланған мәліметтер арқылы жасады дегенді алға тартпақ. Сонымен қатар, Ресей мен Қытайды "вакциналық ұлтшылдыққа" жол берді және эпидемиямен күресті халықаралық жарысқа айналдырып жіберді деп айыптап, Бейжің мен Мәскеуге тәуелді болмас үшін америкалық өндірістегі вакцинаны дайындау қажеттілігін де қоса насихаттайтын болады.

Мұндай әдістің салдарынан батыстық медиа "машина" өз аудиториясының сенімін жоғалтуын жалғастыра бермек. Мұның ақыры ресейлік және қытайлық жалған ақпаратпен күресуге шақыратын баспасөз конференцияларына және тиісті америкалық және еуропалық құрылымдардан беделді қалпына келтіру үшін бюджет бөлуін талап етуіне алып келеді. Ал, сенім деген шыны секілді өте нәзік дүние. Қалпына келуі екіталай.

Жаңалықтар
0