Әлем

Суыр етін жеген: Моңғолияда обадан тағы бір адам көз жұмды

Жазылу
Жыл басынан бері Моңғолияда бубон обасын жұқтыруы мүмкін деген диагнозбен 18 адам тіркелді, оның төртеуінде ауру зертханалық түрде расталған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері Моңғолияда бубон обасынан қайтыс болған үшінші адам тіркелді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі Завхан провинциясының табиғаттағы ауру ошақтары департаментіне сілтеме жасап.

Оба жұқтырған 38 жастағы ер адам дүйсенбі күні Завхандағы Тосонцэнгэл ауданында көз жұмған. Агенттіктің мәліметінше, марқұм өткен айда суыр етін жеген.

Бұған дейін Ұлттық инфекциялық аурулар орталығы Моңғолиядағы 21 провинцияның 17-сінде бубон обасының тарау қаупі бар екенін хабарлаған еді.

Жалпы жыл басынан бері Моңғолияда бубон обасын жұқтыруы мүмкін деген диагнозбен 18 адам анықталды. Оның төртеуі зертханалық зерттеулер нәтижесінде расталған. Тамызда Ховд аймағында бубон обасынан 42 жастағы ер адам, ал шілдеде Говь-Алтай провинциясында 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

Моңғолияда суырларды аулауға тыйым салынған. Бірақ, тұрғындар суыр етін денсаулыққа пайдалы деп санап, оны аулауды тоқтатар емес.

Оба – тез жұғатын және өлімге әкеп соғатын аса қауіпті инфекциялық ауру. Табиғатта оба таяқшасы, негізінен, кеміргіштерде кездеседі: суырлар, тиіндер, сарышұнақтар, егеуқұйрықтар. Ал инфекцияны бүргелер тасиды.

Жаңалықтар
0