Спорт

Қазақ боксшысының жекпе-жектен кейінгі мәлімдемесі жұртты таңғалдырды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құлахмет WBC International титулы үшін жекпе-жекте бірде-бір рет жеңілмеген британиялық қарсыласынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (2-0, 1 КО) промоутерлік компаниясы спортшының сұқбатын жариялады. Боксшы британиялық қарсыласы Маколей Макгоуэнмен (14-1-1, 3 КО) болған жекпе-жектен кейін тікелей эфирге шықты.  

Кездесуде жерлесіміз бірауыздан төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды Sports.kz.

"Мен 12 айдан кейін толыққанды белбеу алуды көздеп отырмын",  - деді қазақстандық спортшы.

"Тұрсынбай Құлахмет өзінің алдағы мақсатын айқын көрсетті" деп жазылған MTK Global жариялаған видеоның астында.

Еске сала кетсек, Құлахмет WBC International титулы үшін жекпе-жекте британиялық қарсыласынан басым түсті.

Жаңалықтар
0