Қоғам

Ресей Қазақстанмен әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялады

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Встреча министров обороны Казахстана Нурлана Ермекбаева и России Сергея Шойгу
Встреча министров обороны Казахстана Нурлана Ермекбаева и России Сергея Шойгу - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Екі ел арасындағы құжатқа өткен жылдың қазан айында қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Ресейдің мемлекеттік думасы пленарлық отырыста Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялады. Оған 2020 жылдың 16 қазанында Нұр-Сұлтанда қол қойылған.

Шартқа 1994 жылдың 28 наурызында қол қойылған осыған ұқсас құжаттың кей қағидаларының өзектілігін жоғалтуына байланысты қайта қол қойылғаны айтылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті – Ақорда ресми хабарлама таратты

Құжатта "Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық іс-шараларының орындалуын реттейтін халықаралық-құқықтық негіздер және оларды іске асыру нысандары" жазылған.

"Тараптардың шартты іске асыру жөніндегі уәкілетті органы – Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі", - делінген ақпаратта.

Жаңалықтар
0