Әлем

Испанияда найзағай таңғажайып табиғи шоуға айналды – фото

© Photo : AwOiSoAk KaOsIoWa / God's wrath - panoramioМадрид аспанындағы найзағай
Мадрид аспанындағы найзағай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Жергілікті метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, мұндай ауа райы соңғы бірнеше айда электр разрядтарының саны бойынша өзіндік рекорд орнатқан

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Испаниядағы ауа райының қолайсыздығы әсерлі найзағай шоуына себеп болды. Найзайғай жарқылына куә болған жергілікті тұрғындар өздері түсіріп алған сурет пен бейнелерді әлеуметтік желілерде жариялады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AITOR URKIA ETXEBERRIA (@aitor_urkia9)

Елдің солтүстігі мен орталығында жаздың алғашқы күнінде-ақ жел күшейіп, найзағай ойнап, оның соңы жауын-шашынға ұласты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🌍There is no Planet B♻️ (@nrqmrgldy)

Жергілікті метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, мұндай дабылды ауа райы соңғы бірнеше айда электр разрядтарының саны бойынша өзіндік рекорд орнатқан.

Жалпы, табиғат құбылысында жаңбыр жауып, найзағай ойнаған сәт көпшіліктің бойында үрей ұялататыны сөзсіз. Десек те, мұндай шақ кейде ерекше әсерге бөлейді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Juanjo de Palacio (@unboxmadrid)

Кейбір дерекөздерге сүйенсек, Испания қазақстандықтар көбінесе шетелден жылжымайтын мүлік сатып алатын алғашқы 5 елдің қатарына кіреді.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең биік ғимаратты найзағай соқты – видео

Жаңалықтар
0