Әлем

"Қымыз қайда?": Жириновский экономикалық форумда жұртты таңғалдырды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуВладимир Жириновский
Владимир Жириновский - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2021
Жазылу
Петербург халықаралық экономикалық форумында Жириновский қымыздан дәм татқысы келген

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Ресейдің либералдық-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновский Петербургте өткен форумда қымыз құйып беруді талап етті, деп хабарлайды ufacitynews.ru.

Петербург халықаралық экономикалық форумында қызық жағдай болды. Владимир Жириновский форум аясында ашылған Башқұрстан көрмесіне келген. "Башспирт" зауытының өнімдері партия төрағасын қызықтырмаған. Ол қымыз құйып беруді сұрайды.

"Қымыз қайда? Қымыз қайда, жігітім? Келесі жолы қымыз міндетті түрде болсын", - деді Жириновский.

"Башспирт" қымыз шығармайды, бірақ кәсіпорын өкілдері Жириновскийге өз өнімінің бірнеше шөлмегін сыйға тартқан.

Оқи отырыңыз: Өкпе зақымданған кезде қымыз бен шұбат ішуге бола ма - дәрігер жауабы

 

Жаңалықтар
0