Видео

Мұнда жеңу үшін келдім: Месси жаңа клуб туралы ойын бөлісті - видео

Жазылу
Лионель Месси Париждегі алғашқы баспасөз конференциясында жаңа командамен дайындықты бастауды тағатсыздана күтіп жүргенін айтты

"Пари Сен-Жермен" ( ПСЖ) француз клубы футбол әлемінің жарық жұлдызын өзінің жаңа ойыншысы ретінде ресми таныстырды.

ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи баспасөз конференциясында Мессидің "футболды ғажап еткенін" және "клуб үшін бұл тарихи сәт" екенін атап өтті.

"Пари Сен-Жермен" амбициясы жоғары клуб. Біз үшін "Алтын доптың" әлемдегі жалғыз алты дүркін иегерін командаға қосу үлкен сәттілік", - деді клуб президенті.

"Барселонаның" экс-капитаны жаңа клубпен чемпиондар Лигасында жеңіске жетуді қалайтынын және командада Неймар, Анхель ди Мария  мен Леандро Паредес сынды достары болғандықтан, қиындықсыз тіл табысып кететініне сенім білдірді.

"Менің әлі де жеңіс тұрғырынан көрінуге деген құлшынысым зор. Бұл клубтың амбициясы жоғарырақ. Бапкерлер штабы және командамызбен жеңіс үшін күресуге дайынбыз. Мен мұнда сол үшін келдім", - деді Месси.

34 жастағы Месси 10 тамызда "Пари Сен-Жермен" клубымен екі жылға келісімшартқа отырды.  

 

Жаңалықтар
0