Видео

Алматыда Мұқағали Мақатаевтың муралы қалай салынды – видео

Жазылу
Өнер туындысы Мұқағали Мақатаев пен Әди Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үйдің қабырғасына салынған

Алматыда ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған мурал Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының ұсынысымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен салынды. Ол кинорежиссер Болат Қалымбетовтің "Мұқағали" фильмінің тұсаукесеріне орай іске асты.

Өнер туындысы Мұқағали Мақатаев пен Әди Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үйдің қабырғасына салынған.

Туынды авторы – жас суретшілер Абай Сұлтан мен Аманқұл Нұрболат. Муралды салуға 50 литр бояу мен 100 аэрозоль баллоны жұмсалған.

Айта кетері, 2021 жылдың 21 қазанынан бастап "Мұқағали" көркем фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады.

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұл картина ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсірді.

"Мұқағали" фильмінің сценарийін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек жазды. Фильм режиссері – Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыров. Басты рөлді Асланбек Жанбалаев сомдады.

Жаңалықтар
0