Аңдатпа

Қазақстанда 12 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень, Алматы
Осень, Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 12-20 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

9:50 - Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі онлайн режимде өтеді. Іс-шараны Қазақстан Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы ұйымдастырады. Конгрестің толық бағдарламасымен fincongress.kz сайтынан танысуға болады. Биыл Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстан Ұлттық банкінің, ҚР
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, министрліктердің, қазақстандық және шетелдік қаржы ұйымдарының басшылары конгрестің негізгі спикерлері мен модераторлары болады. БАҚ пен бұқара үшін fincongress.kz сайтында пленарлық сессиялар мен панельдік
пікірталастардың онлайн-трансляциясы ұйымдастырылады. Онлайн қатысуға ниет білдірген журналистерді аккредиттеу 11 қарашада fincongress.kz сайтында сағат 13:00 мен 18:30 аралығында жүргізіледі.

10.30 – "Қазақстанның X Азаматтық форумын ұйымдастыру және өткізу" брифингі. Орталық коммуникациялар қызметі. Спикерлер: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматттық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы; "Қазақстанның азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы. Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz,
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

11.00 - "Қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары" атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараны ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі мен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" КЕАҚ қолдауымен "Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру" әлеуметтік жобасы аясында "Партиялық емес байқау орталығы" ұйымдастырады. Талқылауға Қазақстанның жастар ұйымдарының жетекшілері, белгілі қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Іс-шараның басты мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мүмкіндіктерін және олардың белсенді азаматтық позициясын талқылау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ өз білімі мен болашағы үшін жауапкершілікті ынталандыруды насихаттау болып табылады. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жас қазақстандықтардың құқықтық санасын одан әрі арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстарды қабылдау жоспарланып отыр. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Абай 13, "Іскер" бизнес-орталығы. БАҚ аккредиттеу үшін: + 7-701-254-63-59, +7 777 112 7158, e-mail: baiqau@internet.ru.

16:30 - "Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы" брифинг. Орталық коммуникациялар қызметі. Спикерлер: денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.00 – "Это я нарисовал" спекатклі (Қуыршақтар театры, Республика, 3).

19.00 – "Әлиханның аманаты" спектаклі ( "Жастар" театры, Есенберлин, 10).

19.00 – "Славы Полунина" спектаклі ( Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұсынұлы, 25/1).

19.00 – "Гроза" спектаклі (Горьки атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан, 11).

АЛМАТЫ

18.30 – Алматы қаласының аяқ қиім тауарларының маркировкасына қатысатын нысандарына баспасөз тур. Ұйымдастырушы - индустрия және инфарқұрылымдық даму министрлігі. Аккредитация 11 қараша сағат 13.00-ге дейін жүргізіледі.  Қосымша ақпаратты мына телефоннан білуге болады:8-775-489-48-15, Дина Айтымова; 8-7172-98-33-51, 8-707-808-60-70 Даулет Самбетбаев.

18.30 – "Лавина" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай, 117).

18.30 – "Гудулла - мать Эсмеральды" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан, 38).

18.30 – "Қыз мұңы" спектаклі (Әуезов атынлағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

19.00 – Л. Делиб. "Коппелия" балеті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театр, Қабанбай Батыр, 110).

19.00 – "Что-то будет" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер, 38).

19.00 – "Лихорадка субботнего вечера" спектаклі (ARTиШОК, театры, Гоголь, 40).

20.00 – "Перевернутые люди" (ART-нысан BUNKER, Досмұхамедов, 78а).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.30 – "Астана" концерт залында "Салтанат" би ансамблінің концерті. Шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Шығармашылық ұжым қазақ халық билерін, түрлі әлем халқы билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдар ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (701) 641 00 68, +7 (775) 554 79 63, +7 (777) 517 89 03.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

Жаңалықтар
0