Қоғам

"Маған дейін екі рет үйленген": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуін неге көрсетпегенін түсіндірді

© Минобороны КазахстанаТелеведущая Ляйля Султанкызы
Телеведущая Ляйля Султанкызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Бастапқыда күйеуімді көрсетпегендіктен бәрі мені тоқал деп ойлады, бірақ олай емес, дейді тележүргізуші
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің отбасы жайлы айтып, ұрпақ тәрбиесі туралы ой қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен тоқал емеспін"

Ләйлә Сұлтанқызы "Ответь Бажкеновой" Youtube жобасына берген сұхбатында өзін "тоқал" деп атайтындарға жауап берді.
"Мен тұрмысқа шыққан кезде күйеуім ажырасқан болатын. Маған дейін оның екі некесі болған. Бұл туралы бұған дейін де айтқанмын, жасырмадым. Бұл – тағдыр. Мен заңды әйелімін, тоқал емеспін", - деді Сұлтанқызы.
Ол сондай-ақ өзін неге көпшілік "тоқал" деп ойлайтынын да түсіндірді.
"Тұрмысқа шыққан кезде күйеуімнің алдыңғы некеден балалары болды. Кіші қызы 5 жаста, үлкен ұлдары жасөспірім болды. Балалардың жанына жарақат салмау үшін менің қоғамдық өмірімде көрсетпейтін болып келістік. Бұл дұрыс шешім болатын. Балалар өсті, олармен жақсы араласамыз, құда-құдағидың барлығын танимын", - дейді тележүргізуші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Ол күйеуі Қайрат та әлеуметтік желіде "тоқал" деп жазатындарға күлетінін айтты.
"Бастапқыда ол да қабылдай алмайтын. Неге саған "тоқал" деп жазады деп түсінбейтін. Ал қазір бұған басқаша қараймыз. Осылайша бастапқыда күйеуімді көрсетпегендіктен бәрі мені тоқал деп ойлады. Бұл олай емес. Мен тоқал емеспін, күйеуімнің заңды әйелімін", - деді ол.
Айтуынша, күйеуінің Ләйлә Сұлтанқызымен некеге дейін екі ұл, бір қызы бар. Қазір Қайрат пен Ләйләнің екі ұлы бар.
"Мен табиғи жолмен үшінші сәбиімді дүниеге әкелгім келгеніне көп болды. Әйелдердің көпшілігі бұл туралы айта бермейді, себебі бұл тым жеке дүние. Осыдан 5 жыл бұрын жүкті болуға тырыстым, қаладым. Күйеуімнің 5 баласы бар, жалғыз қызы бар. Мен қатты қыз туғым келді. Күйеуіммен осы тақырып төңірегінде соңғы рет сөйлескенімде "тырысудың қажеті жоқ шығар, осы балалар аман болсын. Сағадат қазір 15 жаста, үш жылдан кейін үйленсе, немерең болатын шығар" деді. Бәрі Құдайдың қолында", - дейді Сұлтанқызы.

Негізгі жауапкершілік ұл балаға жүктеледі

Сұхбат кезінде Ләйлә Сұлтанқызы қазақ отбасындағы мәселелер тыйымдар салдарынан туатынын айтты.
"Бізде өте көп тыйым бар. Шектеу көп. Тоқсаныншы жылдардың жастары булығып, қиналып өстік. Қазіргі жастар еркін өскісі келеді. (...) Бізде кей ер азамат әлсіздік танытады, өте қиын жағдайда мәселені шешуден гөрі, қашып кеткенді жөн санайды. Мен біреуді кінәлағым келмейді, бұл жағдайға апарған бірнеше фактор бар. Біріншісі – шектеу. Екіншісі – ұят болады. Ұят болады деп біз басымыздан өтіп жатқан проблеманы айтуға ұяламыз. Анамызға, әкемізге айтуға ұяламыз. Анамызға айтсақ, әкеміз естіп қойса, анамызға ұрсады деп ойлаймыз. Досымызға айтсақ, ол күледі деп ойлаймыз", - дейді Сұлтанқызы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Айтуынша, қоғамда адамдар мәселесін айтатын адам жоқ.
"Қызға "кеттің бе, сол жақтан сүйегің шықсын" деп айтамыз. Бұл ең жаман сөз. Бұлай қыз баласына айтуға болмайды. Маған "күйеуім ұрды", "бала көтере алмай жатырмын" деп мыңдаған хат келеді. Жеме-жемге келгенде әйелдің құқығы, қыздың еркіндігін ұмытамыз. Оларға мәселесін айтуға шектеу қойып тастағанбыз", - дейді тележүргізуші. 
Ләйлә Сұлтанқызы қызға білім беруді қолға алып, ұлдардың назардан тыс қалып кеткенін айтып өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

"Менің екі ұлым бар. Ұлдың да жауапкершілігі жоғары екенін айтқым келеді. Бір кездері қыздың дипломы болса, жақсы жерге тұрмысқа шығады деп қызға білім мен ақшаны да құйдық, ұлдарды ұмытып кеттік. Базарда жүрсе де адам болады дедік. Негізгі жауапкершілік ұл балада, олардың ата-анасында. Екі ұлым қызға жаман сөз айтса, жанын шығарамын", - дейді Сұлтанқызы.
Жаңалықтар
0