Өңірлер

Алматы облысында шетел азаматтары мәжбүрлі түрде елден шығарылды

© Photo : департамент полиции Восточно-Казахстанской областиИностранные паспорта
Иностранные паспорта - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында 16 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында іс-шарасының төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 667 құқық бұзушы анықталды. Жеке басын куәландыратын құжатсыз және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ТМД-ның 29 азаматы қабылдау-тарату орындарына жеткізілді.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған 175 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.
"Заңсыз көші-қон ұйымдастырудың төрт дерегі тіркелді. Мәселен Қарасай ауданының аумағында құрылыс нысанында жеке тұлғадан заңсыз еңбек еткен 13 шетелдік анықталды, жұмыс беруші және көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмурат Нурсейітов.
Сондай-ақ “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында оларға қатысты Алматы облысының соттары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған 16 шетелдік анықталды. Аталған шетелдіктер мәжбүрлі түрде елден шығарылды.

Оқи отырыңыз:

 
Жаңалықтар
0