Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан қаласында барлық нысан қалыпты режимде істеп тұр

© Sputnik / Владислав ВодневҚысқы елорда
Қысқы елорда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Әкімшілік нысандарды күзету күшейгеніне қарамастан, дүкендер, сауда үйлері мен басқа да сауда нысандары жұмысын жалғастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан астанасында тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, соның ішінде сауда орталықтары штатты режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, күшейтілген күзет режиміне қарамастан, қала тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының жұмысы тоқтаған жоқ.
© Sputnik / Абзал КалиевӘуежайдағы жағдай
Обстановка в аэропорту Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Әуежайдағы жағдай
Сауда ойын-сауық орталықтарынан "Керуен", Керуен сити, Азия-парк және Ханшатыр ашық тұр. Жұмыс уақыты 10:00-ден 21:00-ге дейін. 
© Sputnik / Абзал КалиевҚоғамдық көлік штатты режимде жұмыс істеп жатыр
Общественный транспорт в Нур-Султане работает в штатном режиме  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Қоғамдық көлік штатты режимде жұмыс істеп жатыр
Mega Silk Way, "Евразия" сауда үйі бүгін, 6 қаңтар жабық. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер бөлімшелерінің бір күнге жабылатыны хабарланды. "Қазақстанның Халық банкі" ғана 15:00-ге дейін істейді.
Бүгін елордалық полиция департаментінің басшысы, комендант Ержан Сәденов пен Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік телеарналардан сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Жаңалықтар
0