Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Финалға шыққан Әділ Ғалиахметов жеңіс тұғырынан көріне алмады

© REUTERS / FABRIZIO BENSCHОткрытие Олимпийский игр в Пекине
Открытие Олимпийский игр в Пекине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл бәсекеде қазақстандық Әділ Ғалиахметов те бақ сынаған болатын. 23 жастағы оралдық спортшы әлем мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, сегізінші орынға табан тіреді.
Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды.
Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленген.
Айта кетелік, бұл қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды.
Жаңалықтар
0