Қоғам

Талапкер ҰБТ-да комиссияға тосын сый жасап, нөл балл алды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневҰлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Жазылу
Креативті жұмысы үшін оған 140, ал ҰБТ-ның өзіне нөл деген балл берілді
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Талапкерлердің бірі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) тыйым салынған техниканы ерекше әдіспен кіргізуге тырысты.
Тапқыр жасөспірім тәтті десерттің ішіне ұялы телефон мен модем жасырған.
"Бірақ оның бұл жоспары біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады. Сондықтан оған креативті жұмысы үшін "140", ал қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесіне "0" деген балл беріледі", - деп жазды ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Орталық директоры ҰБТ тапсырушыларға смартфонға емес, өз біліміне сенуге кеңес берді.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты
Жаңалықтар
0