Қоғам

Биыл көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылады

© Photo : предоставлено пресс-службой Министерства обороны РКқазақстандық әскерилер
қазақстандық әскерилер - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жазылу
Әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары шақырылады
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 17 мыңнан астам жас Қарулы күштер қатарын толықтырады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктерінде әкім орынбасарының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмыс істей бастайтынын айтты.
"Бірінші шілдеге дейін Қарулы күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі мен Ұлттық ұлан қатарын 17 мыңнан астам әскерге шақырылушы толықтырады", - деді Жүсіпов 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру туралы баспасөз мәслихатында.
Қолданыстағы заңға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылады.
Айтуынша, әскерге шақырылатындарға СМС-хабарлама және үй мекенжайына жеке шақыру қағазы жолданады.
Сондай-ақ жас сарбаздар коронавирусқа қарсы ПТР-тесті екі рет тапсырады. Біріншісі, әскерге шақыру кезінде, яғни жиын пунктерінде, екіншісі әскери бөлімге келген кезде.
Бұдан бөлек Жүсіпов әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызмет саналатынын атап өтті. Сондықтан бұл қызметтер азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы көрсетіледі.
Аталған қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты.
Жаңалықтар
0