Экономика

Смайылов пен Мишустин солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру жолын талқылады

© Sputnik / Тимур БатыршинГазқұбыры
Газқұбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жазылу
"Газпром" және "QazaqGaz" солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру жобасына бағалау жүргізеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен екіжақты келіссөз жүргізді.
Әлихан Смайлов пен Михаил Мишустин Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін, оның ішінде Ресей Федерациясынан келетін құбыр арқылы газдандыру жолдарын талқылады.
"Газпром" және "QazaqGaz" компаниялары биылғы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру жобасына бағалау жүргізуі тиіс. Тараптар газ құбырларын салу бағыттары мен тұтыну көлемін анықтайды. Әлихан Смайылов қысқа мерзімді перспективада нақты шешім қабылдау үшін осы саладағы жұмыстарды жандандыру қажет екенін жеткізді.
Өз кезегінде Михаил Мишустин Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы интеграциялық байланыстардың нығаюына және өзара қызығушылықтарға сәйкес сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге сенім білдірді.
"Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз табысты дамып келе жатқанын атап өткім келеді. 2021 жылы тауар айналымы 2020 жылмен салыстырғанда үштен бірге артып, $25 млрд-тан асты. Бұл біздің тарихымыздағы өзара сауданың рекордтық көрсеткіші", — деді Ресей Үкіметінің басшысы.
Кездесу соңында қазақстандық және ресейлік тараптардың өкілдері Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жаңалықтар
0