Экономика

Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралар жайлы: бұл тек басы ғана, алда өте күрделі жұмыс тұр

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жазылу
Тоқаев ЕАЭО-ға мүше елдердің үкіметтері қазіргі жағдайда аса күрделі проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табуға тиіс екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне санкциялардың теріс әсерін төмендету үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.
Бұл туралы ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев бүгінгі кездесу геосаяси ахуалдың өте қатты ушығып тұрған кезінде өтіп жатқанын атап өтті.
"Біздің экономикалық одағымыз белгілі себептерге байланысты санкциялық қарсылықтардың салдарынан туындайтын саяси текетірестердің күшеюіне және оның елдеріміздің экономикасы мен қаржы жүйесіне кері әсеріне алаңдаушылық білдіреді. Валюта бағамына, төлем жүйесіне, екінші деңгейлі банктерге қатысты тәуекел-қатерлер күшейе түсті. Біз Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл тек басы ғана, алда өте күрделі жұмыстар тұр. Бұл жұмыстарды Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестерімізбен келісе отырып жүргіземіз деп ойлаймын", - деді президент.
Осыған орай Тоқаев экономикалық, қаржылық және өнеркәсіптік жүйелердегі тығыз ықпалдастықты ескеріп, тәуекел-қатерлерді бағалауға және жағдайдың кері әсерін төмендетуге бағытталған экономикалық шараларды әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.
Украинадағы жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Экономика
Украинадағы қақтығыс: Қазақстанда қандай шаралар қабылданады
Президент қаржы реттеушілерін қатыстыра отырып, экономикалық ведомстволар деңгейіндегі аталған жұмыс тобын ұйымдастыруды ұсынды. Үйлестіру жұмыстарын Еуразиялық экономикалық комиссия өз қолына алуға тиіс. Оның пікірінше, сыртқы макроортадағы күрделі жағдайға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық көрсеткіштері оң қарқын көрсетуде.
Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның сыртқы саудасы 34%-тен асты. Ал ішкі сауда көлемінің көрсеткіші одан да жоғары, яғни 67%-ке жетті.
"Бұл – Еуразиялық одақтың ішкі сауда-экономикалық байланыстарының нығайғанын білдіретін жақсы көрсеткіш. Ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімі – 4,4 пайыз. Бұл болжанған көрсеткіштен едәуір жоғары. Өзара сауда-саттықты кеңейту, экономика салаларындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі бағытымыздың дұрыс екеніне қуаныштымын", – деді мемлекет басшысы.
Кездесу барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары еуразиялық интеграцияның қазіргі және перспективті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Алихан Смаилов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Саясат
ЕАЭО 2022 жылды күрделі жағдайда бастады – Смайылов
Премьер-министрлердің сөзін тыңдаған Қазақстан президенті соңғы оқиғаларға байланысты ауқымды жұмыстар атқару керек екенін атап өтті.
"Елдеріміздің үкіметтері аса күрделі проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табуға тиіс. Бұл өте маңызды. Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысынан зор нәтиже күтеміз. Біз бар күш-жігерімізбен және еңбегімізбен мемлекеттеріміздің стратегиялық мүдделеріне сай келетін Еуразиялық экономикалық одақтың абыройы мен беделін сақтауымыз қажет. Шын мәнінде, азаматтарымыз бұл Одақтан нақты нәтижелер күтеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында ол үкімет басшыларына ортақ мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру ісінде табыс тіледі.
Жаңалықтар
0