Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Украина арасындағы келіссөз басталды

© Скриншот видео Telegram / Sputnik ближнее зарубежьеРесей мен Украина арасындағы келіссөз басталды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөз басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Беларусьте Ресей мен Украина делегацияларының келіссөзі басталды.
Келіссөзге қатысушылар қол алысты – кездесу басталды, деп хабарлады Sputnik Беларусь.
Дүйсенбі, 28 ақпанда Беларусь аумағында Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздің бірінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барды.
Бұған дейін Украина президентінің кеңсесі "келіссөздердің негізгі мәселесі – тез арада атысты тоқтату және Украина аумағынан әскерді шығару" деп мәлімдеген. Кездесуден кейін Владимир Зеленский әзірге Украинаға қажетті нәтиже жоқ екенін мәлімдеді.
Ресей Украинадағы әскери операцияны 24 ақпан күні таңертең бастады. Президент Владимир Путин оның мақсаты "сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау" деп атады. Ол үшін, оның айтуынша, "Украинаны қарусыздандырып, нацизмді жойып", Донбастың "бейбіт тұрғындарына қарсы қанды қылмыстар" үшін жауапты барлық әскери қылмыскерді сотқа тарту керек.
Жаңалықтар
0