https://sputnik.kz/20220304/toqaev-ulttyq-qauipsizdik-kenes-23308354.html
Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Sputnik Қазақстан
Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуды тапсырды 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T20:13+0500
2022-03-04T20:13+0500
2022-03-04T20:13+0500
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/972/76/9727630_0:33:1199:707_1920x0_80_0_0_4adccb077c69822943893b01dbbef0b6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда.Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды.Президент қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтті.Жиын қорытындысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қылмыспен күреске бағытталған қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
https://sputnik.kz/20220119/Toqaev-komek-surauga-mazhbur-bolgan-19176396.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/972/76/9727630_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_f131814e330aed078b804e0772115e0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қауіпсіздік
Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің өзара тиімді іс-қимылы қауіпсіздікке төнетін қатерді дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Президент қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қылмыспен күреске бағытталған қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.